Coca-Cola сусынын тұрмыстық жағдайда тұтыныңыз

Coca-Cola сусынын тұрмыстық жағдайда тұтыныңыз
Фото: www.profi-forex.org

Coca-Cola сусынының зиян екенін бұғай дейін де бірнеше рет айтқан болатынбыз. Ал бүгін оның шөліңізді қандыратын сусын емес, тұрмыстық жағдайда қолданатын еріткіш екеніне тоқталып өткіміз келіп отыр.

Бұл сусын әлемдік бизнес тарихындағы бағалы брендтердің бірі. Тіпті жер бетінде оны білмейтін жандар жоқтың қасы. Алайда кейбір елдерде оны қарапайым қара судан арзан тұратынын көпшілігіңіз біле бермейтін шығарсыздар. Өйткені оның адам денсаулығына зиянды тұстары өте көп. Оны жиі тұтынатын адамдар қышқылды-сілтілік теңгерімнің бұзылуынан жапа шегеді. Америка Құрама Штаттарындағы ұлттық институттардың бірінде мамандар Coca-Cola сусынын төрт жыл қатарынан тұтынған адамдардың «метоболизмдік синдром» деп аталатын аурулар жиынтығына 44%- ға дейін шалдығу қаупі бар екендігін анықтады. Бір сөзбен айтқанда, бұл сусынды төрт жыл бойы ішкен жандардың артық салмақ қосып, жүрек және бүйрек ауруларына шалдығуы әбден мүмкін.

Тәулігіне бір рет болса да кола немесе басқа да газдалған сусын ішетін жандардың:

- қан құрамындағы қант мөлшері көтеріліп кетеді;

- сол секілді холестерин мөлшері де арта түседі.

- аз уақыт ішінде семіздікке шалдығады;

- дене бітімі дамуында ауытқуы болады;

- сонымен қатар қан қысымының көтерілу қаупі бар;

- жүрек талмасына да ұшырауы мүмкін;

- тыныс алу жолдары тарылып, бронх демікпесіне ұшырайды.

Алайда оны тұрмыстық жағдайда да қолдануға болатынын тағы да естеріңізге саламыз. Ендеше Coca-Cola сусынын қай кезде қолдану керектігін біле жүріңіздер.

1. Онымен тот басқан жерді кетіре аласыз. Ол үшін сізге Coca-Cola-ға малынған мата, ысқыш және алюминий жұқалтыр керек.

2. Киімдерге және төсек-орындарға жұғып қалған қанды кетіруге болады.

3. Аулаңыздағы асфальтқа немесе көлікжайыңызға тамған қара майды кетіре аласыз.

4. Ол қарайып кеткен кәстрөлді де тазартады.

5. Көліктің темір-терсектерін де дәл осы сусынмен жуады. Оны дистрибьюторлар бірнеше жылдан бері қолданып келеді.

6. Тиындарды да жарқыратады.

7. Ол фосфордағы барлық дақты кетіре алады.

8. Басқа құралдарға қарағанда унитазда әлдеқайда жақсы тазалайды.

9. Хромды бөлшектерді де ағартады. Ол үшін алюминий қақтамаға малып сүрткен дұрыс.

10. Жиһаздардағы уақ-түйек заттарды тазартады.

Coca-Cola – тұрмыстық жағдайда өте пайдалы сусын. Ең бастысы оны ішпеңіз.

Ж. Исакаев