- Негізгі бет
- Денсаулық
- Cаулығыңыз саусақтан да...
Cаулығыңыз саусақтан да белгілі
Көзге, қолға, алақан мен саусақтағы өзгерістерге қарап та денсаулығыңыздағы өзгерістерді анықтауға болады. Емшісі, дәрігер болсын, жалпы көзіқарақты шипагер қауымның кәдеге жаратып жүрген бұл белгілері қалай, қайсысы қандай «хабар айтады», зер салып көрейік.
Қолыңыз қысы-жазы бір жылымайтын болса онда аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғаны.
Қос алақаныңыз шоққа қақтағандай үнемі лапылдап, қызып жүрсе бауырдың уытқа қарсы «қайратының» кеми бастағаны.
Алақаныңыз қарадан-қарап тершіп, дымданып, әйтпесе құрғап, бозарып жүрсе қалқанша без жұмысындағы ақаудың салдары.
Қолыңыздың терісі ақ жарғақтанып, сыдырылып түсе бастаса тәніңізде А дәрумені мен D дәруменінің тапшы болғаны.
Шынашағыңыз ауық-ауық жансызданып қалғандай сезілетін болса, жүрек-қан тамыры жүйеңізде ақау бар.
Ауық-ауық жансыздану үлкен саусақтардан байқалса, тыныс жолындағы кеселдің хабаршысы.
Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсындағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе сусамырға (қант құрамының артықтығына) шалдығуыңыз ғажап емес.
Саусақтарыңыздың ұшы қан қызыл түске енсе бауыр мен бүйректегі кеселді аңғартады.
Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуылдап қыши берсе, тоқ ішегіңізді бір тексертіп алыңыз.
Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжарғақтанып терісі түлей берсе өт қалтасы жұмысының бұзылғаны.
Қолыңыз қимылдағанда білегіңіз сықырласа калци тапшылығының белгісі. Алақан мен саусақтағы бұл өзгерістер, әрине, ауруыңызды өзіңіз анықтап, өзіңіз ем іздеуіңіз үшін емес, деседе, дәрігерге көрініп, тексерілуіңізге нақты себептің болғанын аңғартады.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: netbian.com
M. Auelkhan