Бұдан бұрын MRNA-1273 вакцинасы жануарға сыналған. Оң нәтижеден кейін оны адамға сынақтан өткізу туралы шешім қабылданған.
АҚШ-тың Сиэтл қаласында коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет сау адамға 44 жастағы Дженнифер Халлерге сыналды. Ол The Telegraph-қа вакцинадан кейінгі жағдайы және оның әсері туралы айтты.
Әйелдің айтуынша, қауіпті экспериментке қатысқанын толық түсінбеген. Алдымен оған клиникалық сынақтардың салдарымен танысу ұсынылған. Холлер mRNA-1273 вакцинасы тұмауға қарсы вакцинаға ұқсас екенін, вакцинаны қабылдау кезінде ешқандай ауырсыну немесе ыңғайсыздық сезінбегенін айтады.
Сондай-ақ, әйел оны егуден кейін не болғанын баяндады.
"Бірінші күні дене қызуым біраз көтерілді. Келесі күні қолым қатты ауырды. Басқа ештеңе болған жоқ", - дейді ол.
Басылымның мәліметінше, әйел қауіпсіздік мақсатында карантинде қалған. Біраз уақыттан кейін ол және экспериментке қатысатын 44 адам қайта емделеді. Олар келесі жылдың көктеміне дейін медициналық бақылауда болады.