COVID-2019: вакцина сынақ тәжірибесіне қатысқан әйел жағдайын айтты

COVID-2019: вакцина сынақ тәжірибесіне қатысқан әйел жағдайын айтты
Фото: telegraph.co.uk

Бұдан бұрын MRNA-1273 вакцинасы жануарға сыналған. Оң нәтижеден кейін оны адамға сынақтан өткізу туралы шешім қабылданған.

АҚШ-тың Сиэтл қаласында коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет сау адамға 44 жастағы Дженнифер Халлерге сыналды. Ол The Telegraph-қа вакцинадан кейінгі жағдайы және оның әсері туралы айтты.

Әйелдің айтуынша, қауіпті экспериментке қатысқанын толық түсінбеген. Алдымен оған клиникалық сынақтардың салдарымен танысу ұсынылған. Холлер mRNA-1273 вакцинасы тұмауға қарсы вакцинаға ұқсас екенін, вакцинаны қабылдау кезінде ешқандай ауырсыну немесе ыңғайсыздық сезінбегенін айтады.

Сондай-ақ, әйел оны егуден кейін не болғанын баяндады.

"Бірінші күні дене қызуым біраз көтерілді. Келесі күні қолым қатты ауырды. Басқа ештеңе болған жоқ", -  дейді ол.

Басылымның мәліметінше, әйел қауіпсіздік мақсатында карантинде қалған. Біраз уақыттан кейін ол және экспериментке қатысатын 44 адам қайта емделеді. Олар келесі жылдың көктеміне дейін медициналық бақылауда болады.

Т. Раушанұлы
Logotype Massaget