Спорт күнделікті ісіңіз болсын
![Спорт күнделікті ісіңіз болсын](/userdata/news/news_8311/photo.jpg)
Кейбір адамдарға спортпен айналысу тіс тазалау сияқты үйреншікті, күнделікті іс. Егер сіз үшін жаттығулар жасау әлі де қиынға соқса, мына кеңестерді оқып, болашақта спортпен айналысуды өміріңіздің ажырамас бөлігі қылыңыз.
- Өзіңізге ұнайтын спорт түрлерінің тізімін жасаңыз. Көңіліңізден шығатын іс қана пайдалы бола алады. Біреуге жүгіру сияқты ауыр спорт түрі ұнаса, басқалары көңілді билерді қалайды.
- Есіңізде болсын, спортпен шұғылдану үшін артық қаражат қажет емес. Фитнес клубқа жазылу, жаңа киім сатып алу - артық шығын. Қарапайым жүгіру, билеу, велосипед айдау, аэробикамен еш шығынсыз айналыса аласыз.
- Жаттығуларды түрлендіріңіз. Мысалға бүгін теннис, ертең жүгіру, келесі күні қарапайым жаттығулар жасаумен айналысыңыз.
- Жаттығу уақытын нақтылаңыз. Үйдегілер ұйқыдан тұрғанға дейін таңмен не жұмыстан кейін кешке жасаңыз.
- Шаршап тұрсаңыз да, жаттығуларды қалдырмаңыз, себебі фитнес - сергудің бірден-бір амалы. Жаттығудан кейін көңіліңіз көтеріледі.
- Жаттығулар күнделігін жүргізіңіз. Қай уақытта, қанша, қандай жаттығу жасайтындығыңызды жазып жүріңіз. Олардың нәтижелерін де түртіп отырыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: thpho.com
С. А