- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көктемгі әлсіздік. Ағзаны...
Көктемгі әлсіздік. Ағзаны "тірілтудің" 5 жолы
Көктем келді. Күн жылына бастаса да, көпшілік энергия жетіспеушілігін сезеді. Ұзақ уақыт күннің қысқа болуы және дәрумендердің жетіспеушілігі көктемгі әлсіздікке әкеледі. Оған қоса, әлсіз иммунитет түрлі вирусты ауруларды жылдам жұқтырып алуы мүмкін. Көктемгі әлсіздікті жеңудің және энергия қорын толтырудың 5 әдісін ұсынамыз.
1. Мәзіріңізге жемістер мен көкөністерді қосыңыз
Дүкен сөрелерінде түрлі түсті жемістер мен көкөністердің түр-түрі келе бастағанын байқаған боларсыз. Сол мүмкіндікті пайдаланып, ағзаны дәрумендермен және пайдалы элементтермен байытыңыз.
2. Дәрумендер ішіңіз
Дұрыс тамақтану дәрумен жетіспеушілігінің алдын алатыны рас, бірақ кей жағдайда тек жемістер мен көкөністер жеу көмектеспеуі мүмкін. Көктемгі әлсіздікпен күресуге көмектесетін екі маңызды дәрумен - С және D дәрумені. Алайда дәрігерлер дәрумендер курсын бастамас бұрын анализдер тапсырып, олардың деңгейін анықтап алуға кеңес береді.
3. Таза ауада көбірек уақыт өткізіңіз
Шуақты ауа райында таза ауаға шығып, D дәруменінің қорын толтырып алған дұрыс. Таза ауада спортпен айналысу мидың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады және күйзелісті түсіруге көмектеседі. Таза ауа сондай-ақ ұйқы сапасын жақсартады және иммунды жүйені қатайтады.
4. Физикалық белсенді болыңыз
Ауа райы онша емес болса да, қозғалуды ұмытпаңыз. Физикалық белсенділік - міндетті түрде жүгіру емес. Жеңіл жаттығулар жасаңыз немесе әртүрлі топтық жаттығуларға (мысалы, ол би түрі болуы мүмкін) барып көріңіз. Қозғалыс күйзелісті жеңуге көмектеседі.
5. Мүмкіндік болса, үзіліс алып, жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз
Мүмкіндік болса, үзіліс алып, демалыңыз. Көктемгі әлсіздіктің жиі кездесетін себебі - дәрумендердің жетіспеушілігі болғанымен, біздің психологиялық денсаулығымыз да маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар, үйге ашық түсті ерекше ыдыс немесе киім сатып алыңыз. Мысалы, сары тәрелке немесе қызғылт-сары жұқа шарф көңіл күйіңізге жағымды әсер етеді. Хош иісті ванна қабылдаңыз. Ол ағзаны сергітеді.
А. Жапатова