Неге әйелдерге душта кіші дәрет сындыруға болмайды?

Душта зәр шығару  – гигиеналық тұрғыда дұрыс емес әдет. Ол сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан баланы, әсіресе қыздарды кішкентай кезінен бастап бұл әдеттен арылту керек. Не үшін бұл әдеттен арылу керегін уролог дәрігер Алисия Джеффри-Томас өзінің видеоларында айтты, деп хабарлайды Parents.ru.

Дәрігердің айтуынша, жуынатын бөлмеде зәр шығару сізді және қызыңызды дәретханаға жиі баруға итермелейді. Ми кіші дәрет сындырумен нақты сигналдарды байланыстырады.

"Толуына қарай қуық қабырғаларының созылуынан және ми сигналдарынан қуық қай уақытта жиырылу керегін немесе босау қажетін түсінеді. Бұл жағдайда душта зәр шығару ағып жатқан судың дауысымен немесе суға батумен ассоциация жасайды. Нәтижесінде, шартты түрде сіз суға түскен сайын, жүзгенде немесе әр ыдыс жуған кезде кіші дәретке барғыңыз келеді", - деп түсіндірді Алисия Джеффри-Томас.

Дәрігер мұндай реакция кей адамдарды жай ашуландыруы мүмкін. Бірақ басқалардың зәр ұстай алмауына әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Тіпті, жамбас қуысы тұрғысынан қараса да, душта зәр шығару жамбас қуысы түбінің босаңсуына қолайлы емес. Негізінде, зәрдің жиналуына және шығарылуына жауап беретін органға бір қарағанда зиянсыз көрінетін әдеттердің өзі кері әсерін береді. Мысалы, негізі барғыңыз келмесе де, қазір жолда барғым келіп қалмас үшін деген оймен дәретханаға кіріп шығу. Сондай-ақ, дәретханада кітаппен немесе ұялы телефонмен ұзақ отыру денсаулыққа зиян келтіреді. Бірақ арнайы жаттығулар (мысалы, Кегель) жасау арқылы оның жұмысын жақсартуға да болады.