Қазіргі өндірістік тағам мен сусындарда қант көп екені белгілі. Кейде қарын ашқандықтан, кейде білместік не немқұрайлықпен қанты көп тағамдарды көп жеп қоюымыз мүмкін. Ал қанттың ағзаға тигізер зиян шаш етектен, оны медицина талай айтып жүр.
Қандағы қанттың көбейіп кеткенін білмей жүре берсек, ақыры жақсы емес. Қант диабеті, инсульт, деменция, қан-жүрек ауруларына шалдығуы мүмкін. Көздің нашарлауы да осы қанттың көптігінен болады.
Ендеше дәрігерлер айтып жүрген ескертпелердің ішінен қанда қант көбейіп кеткенін білдіретін белгілерді жинастырдық. Басты 6 белгі бар екен.
Дәретке жиі бару. Қанда қант көбейіп кеткенде, ағза барынша артық тәттіні сыртқа шығарып тастауға тырысады. Содан дәретке бару жиіледі. Сондай-ақ тағы бір айта кететін нәрсе мынау – дәреттің жиілеуі бүйрек ауруынан хабар беруі де мүмкін.
Шөлдеу. Кәдімгі шөлдеуден айырмасы бар. Адам қанша су ішсе де, қанбай кетеді. Бұл да бір ерекше белгі.
Аяқасты әлсіреу. Ағзада қант көбейген кезде, жасушаның инсулин гормонын сезінуден қалады. Ал инсулин қантты сұрыптап энергияға айналдыруға көмектесетін гормон. Ол жұмыс істемесе, адам аяқасты әлсіреп кетеді.
Қарын ашу. Бұл да инсулинмен байланысты. Қанда қант көп, бірақ ағза қанша инсулин бөлсе де, оны жасушыларға бөле алмай қиналады. Содан жасуша ашығады. Мұның соңы полифагияға әкелуі мүмкін. Яғни, адам қанша тамақ ішсе де, тоймайды.
Көз нашарлау. Көздің алды бұлдырап кетеді. Қант көбейсе, көздің ұсақ қант тамырлары жапа шегеді. Қант тамырлары көбейіп кетуі мүмкін не тамырдан қан кетуі ықтимал.
Невропатия. Қанда қант көбейіп кетсе, жүйе талшықтары зақым алып, тері сезінуден қалады. Шаншып ауру, ұйып қалу, дененің күюі сынды белгілер білінуі мүмкін.
Қазақстандық ғалым қант диабетін емдейтін жасуша ойлап тапты