Құлыққа қарап ауру белгісін анықтаңыз

Құлыққа қарап ауру белгісін анықтаңыз
Фото: milalink.ru

Құлақтан түскен (кейде ағуы да мүмкін) құлыққа қарап (еліміздің кейбір аймағы мұны "бұлық" дейді) адамның денсаулығын жағдайын, ауру бар болса, ол қандай ауру екенін білуге болады.

Дәрігерлердің айтуынша, құлықты сілекей, іш дәрет пен "үлкен дәрет" сынды кәдімгідей медициналық сараптамаға өткізіп, талдау жүргізуге болады.

Құлыққа қарап, өзіңіз де "диагноз" қойсаңыз болады. Ендеше неге қарау керек, соған тоқталып көрейік.

Құлық ылғалды, су аралас дымқыл түссе қауіптенуге негіз жоқ. Бұл – адамның көп терлейтінін көрсетеді. Тер құлақтың ішіне кіріп, бұлыққа сіңіп кететін көрінеді.

Ал егер құлық дымқыл әрі көкшіл, қары торы түсте болса, ондай ағзада қандай да бір инфекцияның бар екенін көрсетеді.

Құлықтан иіс шықса да жақсы емес. Бұл – инфекцияның белгісі. Көбіне, құлақтың қабынғанын білдіреді. Бұған қоса құлақта шу болса, бітеліп қалған сыңайлы сезім туса, бұл да қабынғанның белгісі.

Құлық кейде ағуы мүмкін. Бұл – құлақтың қабынуының асқынып, барабан бөлікте аномальды тері ісіктің – холестеатоманың пайда болғанын білдіреді. Содан қатқан құлықтың орнына сұйық құлық ағады. Мұндайда құлақ сыздап ауруы, қысым түскендей қысылуы да мүмкін.

Құлық түспей қойса, мүлде жоғалып кетсе – бұл патология. Құлық құлақтың түбіне кетіп, сонда шер мен тоң боп қатып жатқанын білдіреді. Тезірек дәрігерге қаралған абзал.

Адам қартайса да, құлақтан құлық түспей қояды екен. Құлық құрғап қалса да – қарттықтың белгісі.

 

Қ. Слямбек