- Негізгі бет
- Денсаулық
- 6 жасар Санжарға...
6 жасар Санжарға көмек керек
6 жасар Санжарға көмек керек!
Диагноз: Құрсақ қуысының нейробластомасы.
Өткен жылдың ақпанында кішкентай Санжар әлсіреп, ауыра бастады. Сәби алғаш кезде аяғының ауыратындығын айтып, жылай берді. Бір аптадан соң баланың оң жақ жамбасында жара пайда болды. Дәрігерлер ревматизмның асқынған түрі деп диагноз қойып, баланың ата-анасын Алматы қаласына балалар онкологына сілтейді.
2011 жылдың 4 наурызында Санжарға "бауырға жайылған Юинг саркомы" деген диагноз қойылып, емдеу процесі басталып кетеді. Сәбиді осылайша 8 химиотерапия курсынан, 1 сәулелік терапия курсынан өткізген. Сол жылдың аяғында емдеу курстары аяқталып, отбасы бір жеңілдеп, аулына қайтты. Қосымша тексеру 2012 жылдың мамырына белгіленген болатын. Әйтсе де, баланың денсаулығы нашарлаған үстіне нашарлай берді.
Осылайша, сәбидің әкесі ұлын тексеруге мерзімінен бұрын келді. Анализдерден соң баланың құрсақ қуысында тағы да ауданы 8×5см ісіктің пайда болғандығы белгілі болды. Осылайша диагноздың қате қойылғандығы анықталып, науқасқа жүргізілген зерттеулерден соң "құрсақ қуысының нейробластомасы" деген шешім шығарылған. Бұдан кейін Санжардың әкесі дәрігерлердің қайта қателесуінен қауіптеніп, жалғыз пәтерін сатып, ұлын Мәсекуге алып кетті. Осылайша 13 мамыр күні ресейлік дәрігерлер науқасқа шағын операция (биопсия) жасады.
Санжардың аяғынан тік тұрып кетуі арнайы операциядан кейін ғана мүмкін болады. Ота құны 3 000 000 рубль (14 670 000 теңге). Отбасы үйін сатып, барын құрбан еткен күннің өзінде жиылған қаржының көлемі жыртықты да жамауға келмейді.
Сәбидің әкесі де анасы да аспаз болып жұмыс істейді. Ұлының басына төнген қауіптің себебінен әкесі жұмысын тастап, шауып жүр. Отбасының қалған мүшелері болса, Санжардың анасының 40 000 теңгелік жалақысы мен мүгедектікке байланысты берілетін 35 000 теңге жәрдемақыға өмір сүріп отыр.
Құрметті, Отандастар! Сіздердің мейірімділіктеріңіз бен жанашырлықтарыңызға үміт арта отырып, Санжарға мүмкіндіктеріңізше көмек беруге шақырамыз.
Санжардың әкесі: Оразбек. 87777418201.
Карточка нөмірі: 4256801570672323
Карточакалық шот: KZ16319U010003893392
CТН (РНН) 600811209232
Талдықорған филиалы
«БТА Банк» АҚ
СТН (РНН) 090200004343
БСН (БИК) ABKZKZKX
ЖСК (ИИК) KZ63319U010000398897