- Негізгі бет
- Денсаулық
- 6 айдан асқан...
6 айдан асқан балаға қосымша тамақ рационы
Бала үшін ана сүтінен асқан тағам жоқ. Алайда 4-5 айға толғаннан кейін олардың асқазаны жаңа туған кезіне қарағанда жетіліп, дами түседі. Демек сүттен өзге тағамдарды да қорыта алады және қажетсінеді. 6 айға толмаған балалардың тамақтану тәртібі қандай болуы тиіс?
• Таңда сүт;
• Түске дейін сүтсіз ботқа (жүгері, картоп, ұнтақ ботқасы);
• Түстен кейін сүт (ана сүті не қоспа) және езілген көкөніс (картоп, сәбіз, брокколи, кәді);
• Кешке дейін сүт және езілген жеміс (алма, алмұрт);
• Кешке сүт, компот.
Бір жасқа толмаған балаларға беруге болмайды:
– шұжық өнімдері;
– кондитерлік тәттілер;
– теңіз өнімдері;
– тұзды, майлы ет;
– қызыл түсті (аллергенді) жемістер мен көкөністер;
– цитрустық, экзотикалық жемістер;
– саңырауқұлақ;
– жаңғақ;
– бал;
– чипстер;
– газдалған сусындар.
8-10 айдан асқан балалар ана сүтінен өзге қосымша тамақ жемейтін болса мынадай келеңсіздіктер болуы мүмкін:
– қаназдық;
– жаңа дәм мен иісті қабылдау қиынға соғады;
– шайнауды кеш және қиындықпен үйренеді, демек ас қорытуында да мәселе туындайды;
– тағамдық құндылықтар жетіспегендіктен, физикалық жетілуі де кешеуілдейді.