Бала өмірдің гүлі. Әр қозы дүниеге келген сайын жерге бір түп жусан артық шығады. Өсіп, ержеткеннен кейін ел тұтқасын ұстайтын ұрпақтың қашанда дені сау болуы маңызды. Оның өсіп жетілуі барысында ескеретін бірнеше жайт бар. Оның тәрбиесі, дұрыс тамақтануы, рухани жетілуі, бәрі-бәрі ата-анаға жүктелетін негізгі міндет. Балалар жайлы қызықты деректерге назар аудара отырыңыз!
1. 3 жасар баланың даусы 200 үлкен адамның даусынан қатты шығады.
2. Статистика бойынша ана сүтімен қоректенген балалардың тісі қисық болмайды.
3. Жаңа туған нәресте жасыл түс пен қызыл түсті көргенмен көк түсті көре алмайды екен.
4. Жапонияда балаларға қатысты "бұзық", "жаман" деген сөздерді қолдануға мүлдем тыйым салынған.
5. Ең көп егіздер дүниеге келетін мемлекет Нигерия болса, ең аз егіздер дүниеге келетін мемлекет – Жапония.
6. Кореяда баланың жасына анасының құрсағында болған 9 айы жазылады. Сөйтіп олар құжат бойынша құрдастарынан бір жасқа үлкен болады.
7. Дүниежүзінде аз күн балаларды қорғау күні болса, Сейшел аралдарында бір ай балалар күні болады.
8. Дүниеге келетін балалардың 10% ғана межелі уақытында туады, ал қалған 90%-ы ерте немесе кеш туады екен.
9. Жаңа туған сәби 6-7 айлығына дейін тек мұрнымен демалады.