Дұрыс ұйқы - денсаулықтың басты кепілі. Әдетте толыққанды ұйқыға 8 сағат қажет дейді. Бірақ көп жағдайда 8 сағаттық ұйқыға уақытымыз жетпейді. 4-5-ақ сағатта ұйқы қандыру үшін не істеу керек?
Әрине күнделікті 4-ақ сағат ұйықтау денсаулыққа зиян. Бірақ қажет бола қалғанда аз уақытта ұйқыны қандырып, күш жинау үшін белгілі бір ережелерді ұстану керек екен.
Ұйқыға батпас бұрын барлық уайым-қайғылардан арылу керек. Ойларыңызды тазалап, қиындықтар жайлы ұмытыңыз. Оларды ертеңге қалдырыңыз. Әркім өзінше демалады: әуен тыңдаңыз, жаныңызға жақындар жайлы ойланыңыз. Ұйқыға бірнеше сағат қалғанға дейін тамақтанбау. Ағзаның күшін тамақты қортуға кетірмеңіз, сондай-ақ бұл артық салмақ жинамаудың бірден-бір жолы. Ұйқыға арналған арнайы аксессуарларды қолдану. Хош иісті шөптерден тігілген жастық, көз жабатын байлауыштар ұйқыңыздың сапалы болуына көмектеседі. Ұйықтар алдында жылы душ қабылдау. Бұл жай жуынудың ғана амалы емес, суға түсу арқылы күні бойы жиналған эмоцияларды жуып, ұйқыға артық ойларсыз жатасыз. Жылы көрпемен жамылу. Адам жылыда суыққа қарағанда жақсырақ ұйқысы қанады. Аз ұйықтап үйрену. Дені сау адам өзін 5 сағаттық ұйқыға үйрете алады екен. Ол үшін белгілі бір уақыт бойы аз ұйықтап, ерте тұруға дағдылану керек. "Ұйқы күні". Аптасына бір күнде жақсылап ұйқыны қандырып алыңыз. Әрине ол 12 сағаттық ұйқы емес, 8-10 сағат болсын. Осы күні ұйқыңызды әбден қандырып, демалыңыз. Түнгі сағат 12-ге дейін ұйқыға жатып үлгеріңіз. Осы уақытта адам ағзасы ұйқыға дайын болады. Тез ұйықтап, ұйқыңызды қандырып, ерте ояна аласыз. Ғалымдардың айтуынша, 12-ге дейінгі 1 сағат ұйқы 12-ден кейінгі 2 сағатқа тең.Ұйқыға дұрыс ниеттеніп, ұйықтайтын жеріңізді жайғастыру арқылы тез уақытта ұйқыны қандырып үйрене аласыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: ptglobal.net