Аскаридозды ертерек емдеңіз

Аскаридоз — адам мен жануарлар денесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Қоздырғышы — Ascarіs lumbrіcoіdes. Жер бетінде 1 млрд адам осы аурумен ауырады екен, бұл ересектер мен балаларда да кездеседі. Оны тудырушы – аскарида, яғни ішек құрты. Құрттардың ұзындығы – 15-20 см (еркектері), 20-40 см (ұрғашылары) болады екен. Ал түсі – ақшыл қызғылт. 

Қайдан жұғады? 
Көкөністер мен жеміс-жидекті тазалап жұмай, шаң, кір күйінде қолдану – ішек құрттарын жұқтырудың бірінші жолы. Сонымен қатар, ет пен балықта майда құрттар көп болады. «Ауру – астан» демекші, шала піскен, аз қайнатылған тағамдарда сол құрттар өлмей, тіршілігін жалғастырады. Балалар әуес қытырлақ нандар, қуырылған картоптар, сонымен қатар, жылдам дайындалатын тағамдар (фастфуд) – ішек құртын жұқтыратын өнімдер санатына кіреді. Жас балалардың ағзасы әлсіздеу болғандықтан, ішек құртын тез жұқтырады. Асқазан, кіндік тұсы көп ауырады. Құрт ауруларының салдарынан адам көп терлейтін болады, шашы сиреп, бетке ақ дақтар түседі. 

Халық емі 
Аскаридозды «Халық емімен-ақ емдеп жазамын», – деу мүмкін бола қоймас. Сондықтан міндетті түрде мамандардың кеңесіне құлақ түрген жөн. Ал халық емін негізгі ем-шараға қосымша ретінде жасауыңызға болады. 

Сарымсақ пен сүт 

200 мл сүтке 1 бас сарымсақ салып, әбден жұмсарғанша қайнатыңыз. Жылы күйінде сүзіп алып, клизма жасау керек. Клизманы бір апта күнделікті жатар алдында жасаған дұрыс. Ал балаларға жасар болсаңыз 70 мл жеткілікті. 

Асқабақ дәнегі 

500 г асқабақ дәнегін тазалап, үккішпен ұнтақтаңыз. 50 мл қайнаған су қосып араластырыңыз. Дәм қосу үшін бал немесе тосап қосуға болады. «Дәріні» әр қолданарда жаңадан дайындап, аш қарынға қолданыңыз. 3 сағаттан соң сумен араластырылған магнезия (10-30 гр препаратты жарты стақан сумен араластырыңыз) ішіңіз. Жарты сағаттан соң ағзаны тазартатын клизма жасау керек. 2 жасқа дейінгі балаларға 50 гр, ал 3-4 жасқа 80 гр, 5-7 жастағыларға 100 гр, 10-12 жас балаларға 150 гр асқабақ дәнегін қолданыңыз. Сонымен бірге, кептірілген асқабақ дәнегін шағып жеу де пайдалы. 

Пияз 

Ыдыстың ортасына дейін ұсақталып туралған пиязбен, қалған жартысын арақ не спиртпен толтырып, 10 күнге қақпағын жауып қойып қойыңыз. Ересектер күніне 1-2 ас қасықтан 2 рет ішуге болады. Ал балаларға мұндай тұнба дайындау үшін арақ пен спирттің орнына қайнаған ыстық су қолданып, 12 сағаттан кейін балаға беруге болады. 3-4 күн қатарынан күнделікті бір рет 70-100 миллилитрден ішкізу керек. 

Дереккөз: anabol.kz