Адамдар ыстық күннің астында қанша уақыт өмір сүре алады?

Күннің ыстығы көбімізді әлсіретіп, қалжыратып тастайтыны рас. Тіпті Пәкістан, Үндістан секілді елдерде ыстықтан қаза тапқан адамдар саны өте көп. Осы орайда адамдар қаншалықты күннің астында жүре алатынына тоқталғымыз келіп отыр. Адам бірнеше минут 160°С температураны көрсетіп тұрған ғимаратта жүре алатын төзімділікке ие. Кейбір деректер бойынша тіпті 170–180°С температураға дейін шыдап, ешқандай жарақат алмайды екен. Температура көрсеткіші 100°С көрсетсе де, адамдардың шамамен жарты сағат жүруге шамасы бар. Бірақ ол үшін ауа өте құрғақ және қозғалмайтын болу керек. Адамның тұрақты өмір сүре алатын ең жоғарғы температурасы әлі анықталған жоқ. Алайда Сахара, Арабия және орталық Аустралия тұрғындары көбіне 50°С-тан астам температура астында жүреді.