Кеше Парламент Сенатында өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетіні туралы айтты.
“Елбасының “Әлеуметтік қамқорлық” шараларын іске асыру шеңберінде осы жылдың 1 маусымынан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Жаңа бағдарлама шеңберінде 2025 жылға дейін медициналық қызметтердің тарифтерін өсіру есебінен медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 1-ден 2,5 есе жоғары ету көзделген” деді министр.
Біртановтың айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға, мейірбикелердің жалақысын 20 пайызға ұлғайту ұсыныстары қолдау тапқан.