- Негізгі бет
- Денсаулық
- 2-3 жас аралығындағы...
2-3 жас аралығындағы бала жетілуінің кешеуілдеуі
Әр баланың геніне, өскен ортасына, тамақтануына байланысты ағзасы әртүрлі уақытта жетілуі заңды екенін білеміз. Алайда барлық балаға ортақ өсу белгілері де бар. Екі жастан бастап үш жасқа жеткенше мына әрекеттерді істей білгені дұрыс.
6-12 ай аралығында баланың жетілуі
1-2 жас аралығындағы бала жетілуінің кешеуілдеуі
• Балада қорқу, қауіптену сезімі бар ма? Мысалы жолдан өтерде тоқтап, сізге қарай ма?
• Бейтаныс ортада дәрігерге, Аяз атаға, мұғалімге қарай ма? Әлде ойына келгенін істеуден қысылмай ма?
• Серуенге шыққанда атын атап шақырсаңыз қарай ма? Сіз кетіп бара жатқандай түр жасасаңыз алаңдай ма?
• Сіз асханада жүріп «тамақ іш», «бері кел» демей, жай ғана атын атап шақырсаңыз, неге шақырғаныңызды білу үшін келе ме?
• Егер өзіне қызықты нәрсе байқап қалса дереу сізге көрсетуге, айтуға келе ме?
• Сатыдан түскенде не басқа жерлерде дене тепе-теңдігін ұстай біле ме?
• Бірге келе жатқанда қолынан ұстасаңыз, қашып, ұстатқысы келмей ме?
• Бұрын көрмеген тағамына қызығушылықпен қарай ма?
• Жиһаздар орнын ауыстырып, жаңа киім шығарсаңыз не бұрын көрмеген бір нәрсе істесеңіз, бала абыржып, бұрынғыны қайтаруға тырыспай ма?
• Доп лақтырып ойнауды түсіне ме? Сізге қайтадан лақтыра ма?
• Бала белгілі бір түстегі не суреті бар киімді киюден қашпай ма? Әлде жалаңаш жүргісі келмей ме?
• Егер белгілі бір ойын түрін түсіндіріп жатсаңыз тыңдап, ойын шартын сақтай ма?
• Еденге жатып алып бір ойыншықпен ұзақ ойнамай ма?
• Таңертең ұйқыдан тұрғанда сізді іздей ме?
• Кешегі білетін нәрсесін бүгін ұмытып қалмай ма? Мысалы кеше ғана су ішуді сұрап, бүгін қалай айтуды білмей айқайламай ма?
• Бала өз-өзімен сөйлеспей ме?
• Сіздің сөзіңізді қайталауда сөздегі әрітердің орнын ауыстырмай ма? Мысалы «сақ» десеңіз, «қас» деуі мүмкін.
• Бір жері ауырғанын өздігінен сезе ме?
• Бала барлық істі өзі істеп, сіз ештеңеге араласпауыңызды қаламай ма?
• Балаңыз ештеңе істегісі келмей, нәресте болып қалғысы кеп, барлығын сізге арта салмай ма?
Дұрысы – бала өздігінен істеуге ұмтылып, арасында сізді көмекке шақыруы керек. Бірде өзім істеймін деп, бірде көмек сұрау.
• Бала горшокке отырғысы келетінін өзі сезе ме?
• «Атың кім?», «Жасың нешеде?» деген секілді сұрақтарға жауап бере ала ма?
• «Не жегің келеді?» деп сұрасаңыз саусағымен болса да көрсетіп, түсіндіре ала ма?
• Сөздерді мағынасын түсінбесе де, сұрақ қойсаңыз да сіздің сөзіңізді өзіңізге қайталап айтып бермей ме?
• Балаңыздың аузынан сілекей ақпай ма?
• Өз дегеніне жетем деп ойына келгенін істемей ме? Өзгелерге кедергі келтірмей ме?
• «Өзінікі» мен «бөтен» деген ұғымды біле ме? Мысалы танымайтын адамды барып құшақтап алмай ма?
Егер сіз берілген сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз, онда барлығы дұрыс, қалыпты. Ал егер жауабыңыз «жоқ» болса, дер кезінде дәрігер кеңесіне жүгінуді жоспарлау қажет.
@. @assel_assanova