Кеңседегі түскі ас

Жұмыс енді қыза бастаған кез, алдыңызда шаш-етектен шаруа бар. Ал асқазан шұрылдай бастады. Бұл таңғаларлық жағдай емес, ең мықты деген таңғы астың өзің толыққанды жұмыс күнін қамтамасыз ете алмайды.

Жұмыстың көптігі десанулықтың жағдайын ойлатпайды. Қарынды қанағаттандырамыз деп жұмысқа деген қабілеттілікті төмендететін, ағзаны құрғататын, май басуға, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына жол ашатын құрғақ тіске басарларды ауызға аламыз. Жүгері таяқшалары, печенье де дұрыс нұсқа емес. Ең дұрысы – өзіңізбен бірге үйден тамақ әкелу. Күн сайын кешкісін «Ертең жұмысқа қандай тағам алып барамын?» деп басыңыз қатса, міне сізге ұсыныстар:

1. Сұлы немесе қарақұмұқ ботқасы

Бұл тағамдардың ерекшелігі – қарапайым дайындалуында. Сұлы немесе қарақұмық үлпегіне қайнаған су құйып, 15-20 минутқа қалдырса жетіп жатыр. Құрамында ақуыз, көмірсу, минералдар, дәрумендер, жасұнық бар.

2. Мюсли

Сүт немесе йогуртпен араластырылған мюсли жеуге де болады. Құрамындағы қанттың мөлшерін міндетті түрде тексеріңіз.

3. Сүзбе

Ваккумдық контейнердегі немесе зауыт қорабындағы сүзбе өте жақсы таңдау. Өнімді тоңазытқышсыз үш сағат сақтауға болады. Құрамындағы кальций мен фософор сүйек талшығының нығаюына септігін тигізеді.

4. Қайнатылған жұмыртқа

Өзіңіз білесіз, жұмыртқа ақуызға бай, сондай-ақ, Д дәрумені бар. Бұл мықты сүйек пен әдемі тістің, сапалы тырнақ пен шаштың – кепілі. 

5. Маусымдық көкөністер

Көкөністер, мысалы қызанақ, қияр, тәтті бұрыш, аскөк таяқшасы үйден де табылады. Олар тоңазытқышсыз бір күнге шыдайды.

6. Қайнатылған тауық

Қайнатылған тауық дене сымбатын ойлайтындарға сай келеді. Себебі, тауық етінде май аз болады. Екінші жағынан жүйке жүйесін қалпына келтіретін ақуызға, глютаминге бай. Оны тоңазытқышсыз 5 сағат сақтауға болады (20 градустан жоғары). Бір тілім нанмен немесе көкөніспен қосып жеңіз.

7. Айран, майлы айран (ряженка) 

Айран зат алмасуды жақсартып, ағзадағы артық токсиндердің шығарады. Жүрек қан-тамырлар жүйесінің, бауырдың, бүйректің, басқа да ішкі ағзалардың жұмысына оң әсерін береді.

8. Қызыл балық

Тауық етінен жасалған бутерброд орнына аз тұздалған қызыл балық – арқан балық, ақсерке, бахтах, құныс балық жеңіз. Құрамындағы заттар тамырдың жағдайын түзейді, яғни, жүрек қан-тамырлары ауруы қаупін азайтады.

9. Қабықты картоп

Қабықты картопты қысқа толқынды пеште пісіру өте оңай. Бастысы – қабығын тесіп тұруды ұмытпау. Әйтпегенде, микротолқындардың әсерінен картоп жарылып кетеді. Бұл тағам аштықты басып, иммунитетті көтереді.

10. Жидектер, жемістер, жаңғақтар, құрғақ жемістер

Жемістер, жидектер, жаңғақтар, кепкен жемістер тіскебасар үшін жарайды. Олар дәмді, пайдалы – дәрумендерге, аминқышқылдарына, микро және макро элементтерге бай.

Жұмыста не ішу керек?

Дұрыс жұмыс істеу үшін ағзаңызға су қажет. Күнделікті норма – 1,5 литр. Газсыз су ішіңіз, балама ретінде көк шәй таңдауға болады. Оның құрамында қан айналымы мен бас миын оттекпен қамтмасыз ететін кофеин алкалоидтары, теобромин бар. Қан қысымы төмен адамдар кофе ішсін. Есіңізде болсын, жұмыстың алғашқы жартысында 2 шыныдан артық ішпеңіз.

16.00-18.00 аралығында ағзаңызға глюкоза дәрежесі төмендейді, сондықтан осы кезде тәтті жегіміз келеді. Бірнеше тілім шоколад қажеттілігіңізді өте алады және көңіл-күйіңізді көтереді.

Дайындаған: Бұлбұл Дәрібаева

Сурет:vk.com