100 калорий

100 калорий деген аз ба, көп пе? 100 калорий тағамға тоюға болады ма? Пайдалы мен зиян тамақтың 100 калорийлік үлесі бірдей бола ма?

Күріш

Күріш күнделікті жейтін тағамдарымыздың бірі. Оның құрамында магний, темір, В тобының дәрумендері бар. Ақуызға бай күріш, ағзаға қажетті аминқышқылдармен қамтамасыздандырады.

100 калорий = 1/3 стақан күріш

Қаражидек

Бұл жидекті елде жастық жидегі деп атайды. Оның құрамындағы антиоксиданттар, кверцетин мен флавоноидтер иммунитетті көтеріп, бауыр мен ми жұмыстарына жақсы әсер етеді. Қаражидектің сонымен қатар инфекцияға қарсы қасиеті бар.

100 калорий = 1 стақан жаңа жиналған қаражидек

Брокколи

Брокколидің құрамында ағзамен ең жеңіл қабылданатын кальцийдің түрі бар. Оның құрамында ерекше сульфорафан деген обырдан сақтайтын зат болады. 

100 калорий = 3,5 шыны брокколи

Қияр

Бұл көкөніс С дәрумені мен магний сынды пайдалы заттарға бай. Қиярды қабығымен бірге жеген дұрыс, себебі дәл сол қабығында ондағы ең пайдалы кремний бар.

100 калорий = 3 үлкен қияр

Бадам (миндаль)

Бұл жаңғақ табиғи антиоксидант, ақуыз бен омега-3 майлы қышқылдарына бай. Оның құрамындаға Е дәруменінің шамасы қалыптан жоғары. Нәтижесінде бадам теріні жұмсартып, әр жасушаны ылғалдандырады.

100 калорий = 15 бадам жаңғағы

Алма

Көпшіліктің сүйікті жемісі алмада мықты антиоксиданттар мен пектин заты бар. Олар холестериннің шамасын азайта алады. Сонымен қатар, алма қабығында кверцетин атты қан тамырларын берік қылатын зат бар.

100 калорий = 1 орташа алма

Алма шырыны

Алма сияқты, оның шырыны да ерекше пайдалы қасиеттерге ие. Жаңа сығылған шырын өкпе жұмысын реттеп, ацетилхолин атты ең маңызды нейромедиатрды зақымданудан сақтайды. Бұл зат есте сақтау қабілетін жақсартады, зейін мен ақылға жауап береді.

100 калорий = 1 стақан алма шырыны

Картоп қытырлақтары

Картоп қытырлақтарының құрамындағы дәмдеуіштер, майлар оны ең зиянды деген тіскебасарлардың құрамына жатқызады. Ондағы арнайы заттар адам миына әсер етіп, нәтижесінде сіз картоп қытырлақтарын тағы да жегіңіз келеді.

100 калорий = 8 тал картоп қытырлақтары

Шоколад 

Шоколадты какао дәндерінен жасайды, ал олар мықты антиоксидант болады. Какао дәндері қан қысымын түсіріп, теріні жұмсартады, көңілді көтеріп, жалпы иммунитетті берік қылады. Осыншама пайдалы қасиеттері бар шоколадтың құрамында 70 пайыз какао болуы керек.

100 калорий = 1,5 шоколад

Қаймақ

Салаттарды майонезбен араластырғанша, қаймақ қосқан дұрыс. Тамаққа да тұздық ретінде майонез емес, қаймақ салыңыз. Алайда қаймақ та өте майлы тағам екендігін ұмытпаңыз.

100 калорий = 45 грамм қаймақ

Сүт салынған кофе 

Кофеге сүт қатып үйренсеңіз, оның артық калорий екендігін ұмытпаңыз. Капучино мен латте деген кофе түрлерінен тіпті бас тартқан дұрыс. Майлығы аз сүт таңдаңыз не мүлдем сүтсіз кофе ішіңіз.

100 калорий = 50 миллилитр қаймақ

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: grafomanam.net