- Негізгі бет
- Денсаулық
- 10 қауіпті компонент...
10 қауіпті компонент – затбелгіні оқыңыз!
Кез келген косметиканың затбелгісін оқып, оның құрамын талдауға болады. Бұл, әсіресе, табиғи косметикалар таңдаған кезде аса маңызды екенін атап өткен жөн.
1. Метил-, пропил-, бутил- және этил-парабендер (methyl, propyl, butyl and ethyl parabens) көбіне күнделікті күтім жасайтын құралдарда микроағзалардың өсуін баяулататын біріктіргіш-қосынды ретінде кездеседі. Ол теріге сіңіп, жеңіл эстрогендік әсер етеді, ал бұл омырау обырында, сонымен қатар жүктілік кезінде тиым салынған (ұрықтың репродуктивтік функциясында патология тудырады).
2. Диэтаноламин (дэа, dea), триэтаноламин (тэа, tea) – аминдерге (құрамында аммиак бар) жататын көбіктектес заттектер. Ұзақ уақыт қолданса уландыратын әсерге ие. Аллергия тудырып, көздің жасаурауына, тері мен шаштың құрғауына әкелуі мүмкін.
3. Пропиленгликоль (propylene glycol, ppg), полиэтиленгликоль (пег, peg) – гигроскопиялық ингредиент ретінде қолданылатын мұнай-химиялық өңдеулерден өткен өнімдердің қоспасы. Есекжем және қышыма ауруларын тудыруы мүмкін.
4. Натрия лаурил / лауретсульфат (sodium lauruulaureth sulfate) – өзінің тазартқыш және көпіргіш қасиеттерінің арқасында көбіне сусабындарда қолданылатын арзан және қауіпті детергент. Мұнай өңдеуінен өткен өнімді «кокостан алынған» деген жалған ақпаратпен саудаға береді. Көздің қызаруына, бас терісінің қайызғаққа ұқсас қабыршақтануына, терінің бөртуін және басқа да аллергиялық реакцияларға себеп бола алады.
5. Вазелин (petrolatum) – минералды май туындысы жұмсартқыш құрал ретінде пайдаланылады. Арзан өнім болғандықтан көптеген косметикалық құралдардың құрамында бар. Ылғалдандырудың табиғи процесстерін бұзып, алдын алу керек жағдайларды, керісінше, тудырады: терінің құрғауы, жарылуы.
6. Стеаралкониум-хлорид (stearalkonium chloride) бастапқыда киімді шаюға арналған құрылғылар үшін ойлап табылған, кейін өсімдік сығындыларымен салыстырғанда арзанырақ түсетіндіктен шашқа арналған кондиционерлер мен кремдерде пайдаланыла бастады. Уландырғыш, аллергиялық әсері бар.
7. Иазолидинил-несепнәр, имидазо-лидинил-несепнәр (diazolidinyl urea, imidazolidinyl urea) қосынды ретінде пайдаланылады, уландырғыш әсері бар формальдегид бөледі. Жанасу дерматитін тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, Гермол II және Гермол 115 сауда белгілерімен танымал (Germall II, Germall 115).
8. Винилпирролидон сополимерлері және вини-лацетата (pvp/va copolymer) – мұнай өнімдерінің туындысы, көбіне шаш сәндеу құралдарында пайдаланылады. Бөлшектерінің иісі өкпені улауы мүмкін.
9. Синтетикалық бояғыш заттар – косметикалық құралдардың тартымдылығын арттырады. FD&C немесе D&C деген белгілермен жүреді, бұдан кейін түсі мен саны жазылады. Мысалы, FD&C Red №6 (қызыл). Көптеген синтетикалық бояғыштар канцореген болып табылады. Бағасына қарамастан мүмкіндігінше пайдаланудан бас тарту керек.
10. Синтетикалық хош иістендіргіштер көбіне жай ғана «хош иістендіргіш» деп жазылып жүреді, алайда олар 200-ге жуық химиялық ингредиенттерден тұруы мүмкін, ал олар: бас ауру, бас айналу, бөртпе, гиперпигменттену, жөтел, жүрек айну, терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Дайындаған: Анар Мұстафина
Оқи отырыңыз:
Органикалық косметиканың пайдалы екендігі рас па?
A. Mustafina