1 жастан 3 жасқа дейінгі баланы қалай тамақтандыру керек?

1 жастан 3 жасқа дейінгібалалар тым тез өсетіндіктен, қозғалғыш болады. Көп энергия жоғалтады. Сондықтан сәбиге түрлі тағамдар беру керек.

Бала шашалып қалмауы үшін жемістердің қабығын аршып берген жөн. Жаңғақ, жүзім, сәбіз сияқты жеміс-жидектерді беруге болмайды. Бала отбасымен бірге таңертең, түсте және кешке тамақтанады.

Отбасының барлық мүшесіне арналған тағамды ішеді. Балалы отбасы рационына мынадай тағамдар кіру тиіс:

- Ет, бауыр, балық, бұршақ тұқымдас дақылдар, піскен жұмыртқа;

- Түрлі көкөністер, жемістер, жаңғақтар;

- Сүт және сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік, қатық және айран). Сәбидің порциясы 300 мл-ден аспауы тиіс (1,5 стақан). Сондай-ақ, қосымша 2 рет тамақ беру керек. Мысалы: жемістер, нан мен айран, айран, ет немесе ішек-қарын қосылған самса, қаймақ жағылған құймақ. Балаға тәтті тағамдар (кәмпит, шоколад, тәтті нан, тәтті тоқаш), оның ішінде тәтті газдалған сусындар, қуырылған картоп (фри), тым тұзды, қышқыл, ащы немесе дәмдеуіштер салынған тағамдарды бермеген жөн. Сәби ойнап немесе жүгіріп жүрген кезде тамақтандыруға болмайды. Тамақ ішкен кезде бала тыныш отыруы керек. Бұл жаста баланың тәртібі жақсы болуы да, нашар болуы да, сонымен қатар, тамақ жеумен байланысты басқа да проблемалар болуы мүмкін. Мұндай кезеңде балалар тамақты өздері жегісі келеді. Бойында тәуелсіз болу сезімі қалыптасады. Бәрін де өздері істегілері келеді. Тамақты жеп отырып, айналасын былғайды, көптеген артық қимыл жасайды. Бірақ мұның бәрі баланың дамуы үшін маңызы зор екенін ұмытпаған дұрыс. Осы жаста балалардың барлығы қажетті тағам мөлшерін (1,5 стақан) өз беттерімен жей алады. Сондықтан ата-аналар мен баланың күтімімен айналысатын отбасының барлық мүшесі «белсенді тамақтандыру» қағидасын пайдалануы тиіс. Бұл - балаға тәрелкеден тамақты теріп жеуге көмектесу, оны мақтау, ойын компоненттерін пайдалану.

Тамақ ішу процесі - балаға тек қарнын тойдыру үшін ғана емес, сондай-ақ, оған қызықты болуы тиіс. Танымдық ойын секілді тек жағымды эмоциялар қалдыруы керек. Осы жастан бастап ата-аналар тамақ ішумен байланысты баланың бойында гигиеналық (ауыз қуысының гигиенасы, қол жуу, алжапқыш тағу, майлық пайдалану және т.б. ) дағдылардың қалыптасуына ықпал етуі тиіс. Жалғасы бар... Ақпарат «Бүлдіршін жастағы балалардың физикалық және психикалық-әлеуметтік дамуы (0-5 жас)» оқу-әдістемелік құралынан алынды (БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) 2014 жыл)

yvision.kz