Тербөртпе ыстық немесе ылғал ауа райы кезінде сәбиді өте қалың киіндіріп қойғанда пайда болатын тері тітіркенуі.Үйдің іші немесе дала ыстық болса, баланың терісіне кішкене көпіршіктер секілді бөртпелер қаптап кетеді. Тербөртпе көп жағдайда еметін балаларды мазалайды. Тербөртпенің белгілері: Қызыл немесе алқызыл түсті ұсақ бөртпе. Мұндай бөртпе киіммен жанасатын жерлерге жиі шығады; Тері қышуы. Кейде балалардағы тербөртпе қышиды. Оны қасыған кезде теріде қабықшалар пайда болады; Өте көп терлеуі; Суланғыш тері. Тербөртпенің пайда болу себептері: Гигиеналық күтімнің дұрыс болмауы. Терінің ластануы тер бөлу микрофлорасының көбеюіне әкеледі; Көп терлеу де бактерия таралып, бөртпе пайда болуына әкеледі; Қызып кету. Егер сәбиді жылы ауа райында өте қалың киіндірсеңіз, жылу беру механизмі бұзылып, киім астында бөртпе пайда болады; Майлы кремдер пайдалану. Қоректендіруші майлы кремдер дем алу функциясын бұзатын қабықша түзеді; Жұқпалы аурулар. Сәбидің үстіне тербөртпе жұқпалы ауру кезінде де шығуы мүмкін. Себебі жоғары температура кезінде сәби қатты терлейді. Тербөртпенің түрлері Сәбидің бетіне пайда болатын тербөртпеСәбидің мойнында немесе арқасында тербөртпе болса, ол бетіне тарап кетуі мүмкін. Көп жағдайда еметін балалардың жастыққа тиетін бетіне тербөртпе шығып кетеді. Сәбидің мойнында пайда болатын тербөртпеОл шашын жіберіп жүретін қыз баланың немесе жейде жағасы тығыз байлаулы тұратын ұлдардың мойнына шығады. Арқасында пайда болатын тербөртпеМұндай бөртпе көп қозғалатын балалардың қалың киінгенде және синтетикалық киім кигенде шығып кетеді. Аунай алмайтын кішкентай сәбилердің арқасына тербөртпе жиі шығады. Тербөртпені емдеу Сәбидегі тербөртпе әдетте дәрігер шақырмай-ақ, үйде жылдам жазылады. Сәбиде тербөртпе пайда болмас үшін бөлмеде жайлы температура болғаны дұрыс және баланың тері күтіміне аса мән беру керек. Баланы тым қалың киіндіруге болмайды. Егер сәбиге тербөртпе көптеп шығып кетсе, арнайы кремдер мен мазьдар қолдануға болады. Теріні құрғататын сеппе қолданыңыз. Сәбиді марганец ерітіндісі, түймедақ, итошаған қосылған суға түсіреді және итошаған бұқтырылған суға мақтаны сулап, бөртпенің үстін сүрте беріңіз. Егер бұл әдістерден соң тербөртпе кетпесе, дерматологқа көрсетіңіз.