Ғалымдар Финляндияда 3 пен 18 жас аралығындағы 3596 адамның денсаулығын тексерген. Мамандар 1980-2007 жылдар аралығында өткізілген зерттеулердің мәліметтерін талдап шықты.
Еріктілер өмір салты, әлеуметтік қолдау, өзін-өзі бағалау және еңбек жағдайлары туралы сұрақтарға жауап берді. Әрбір қатысушы үш рет (1986, 1989 және 2001 жылдары) сұралған, — деп жазады Zee News.
Ғалымдар баланың неғұрлым ұзақ білім алса, соғұрлым өзін болашақта жақсы сезінетінін анықтады. Білім алуда небәрі бір жыл айырмашылық денсаулықтың субъективті жағдайын 16 пайызға арттырды. Тереңірек білім алған қатысушы өздерінің денсаулығын мықты деп есептеген. Мамандардың зерттеу қорытындысына әсер ету мүмкін факторлар есепке алынды. Зерттеушілер денсаулық жағдайында проблемасы бар балалар жақсы білім алуы тиіс екенін атап өтеді.
Осыған дейін мамандар тағы бір зерттеуінде білімнің аздығы өмір ұзақтығына да әсер ететінін анықтаған болатын. Сарапшылар жақсы білімді одан да жоғары табыс және әлеуметтік статус, когнитивтік даму, медициналық көмектің одан да жақсы қолжетімділігімен байланыстырып отыр.
Дереккөз: inform.kz