Алматы қаласындағы зообақта ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде, зообаққа кіру билетінің бағасы 1500 теңгеге өседі.
Бұл туралы зообақтың орынбасары Ерболат Мұқашев "Эксперт Қазақстан" журналына берген сұхбатында мәлімдеді.
Шапито циркі, атқа міну мектептері, биогазостанция, ресми-орталық, этноауыл – Алматылық зообақ алдағы бес жыл ішінде бизнесмендер мен жаңа менеджменттің арқасында осындай өзгерістерді іске асыратын болады.
Бір сәттік қызықтарға да лайықты баға жасалынды. Яғни, осыған дейін 500 теңге болып (балаларға 100 теңге) келген кіру бағасы бірден үш есеге өсіп отыр.
"Балалар билетінің бағасы он жыл бойы 100 теңгеден артық көтерілмей келеді. Өздеріңіз білетіндей, бұл уақытта судың, электроэнергиясының бағасы өсіп үлгерді. Біздің есебімізше, соңғы үш жылда коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығын 27%-ға өсіп отыр. Әрине, жыл сайын жергілікті бюджеттен түсім болып отыратындығымен, коммуналдық қызмет бағасы өсетіндіктен, бізге қаржы жетіспейді. Кіріс туралы нақты айтатын болсақ, біз ең көп қаржыны мемлекеттен аламыз, қалғаны келушілердің есебінен болса, 5-6 жануарларды сатудан түседі. Өкінішке орай, 2012 жылмен салыстырғанда биылғы келушілердің саны 19 пайызға төмендеп кетті. Мұндай беталыс бізде ғана емес, Горький атындағы саябақта да орын алып отыр"-деді Ерболат Мұқашев.
Оның айтуынша, зообақтағы өзгерту жұмыстары геоаймақтандырудан басталады да, үш аймаққа бөлінеді: "Қазақстан фаунасы", "Оңтүстік жартышар" және "Солтүстік жартышар".
Аталған аймақтардың барлығында торлы орындардың концепциясы өзгертіледі, яғни, олар табиғи түрге жақындайды, себебі, қазір мұндағы жануарлар цирктегідей торларға жасырылған.
Басшылықтың есебінше, қайта жөндеу жұмыстары шамамен 4-5 жылға созылады.
Ерболат Мұқашев тағы бір сөзінде: "Біз халықаралық стандарттарға сай келетін бақты жасап шығарғымыз келеді. Осылайша, жергілікті тұрғындар біздің еліміздің фаунасына таң-тамаша қалатын болады. Мақсат – өзіндік стильді, Алматы зообағының стилін қалыптастыру" - деген екен.
Зообақтағы шапито циркі барысында түрлі аңдар көріністер құрып, шоу жасап, ресми-орталық пен санитарлы-ветеринарлық лаборатория, биогазстанциясы үздіксіз қызмет көрсететін болады. Жоспардағы кірістің тағы да бір жолы – жануарларға арналған тамақтарды сату, атпен жүруді үйрететін мектеп, автокөлік қоятын аймақ саналады. Сондай-ақ, қазақ ауылының шағын үлгісі ретінде этноауыл жасалып, келушілер пикник жасайтын орындар ұйымдастырылатын болады.
Сурет: wikimedia.org, rekstart.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева