ЮНЕСКО адамзат мұраларының қатарына қазақтың күйі мен киіз үйін қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасай отырып.
Материалды емес мәдени мұраларды қорғайтын комитет өзінің Репрезентаттық тізімін жаңа он элементпен толықтырды. Олардың қатарында «Қазақтың дәстүрлі күйін орындау өнері» (Қазақстан), «Вырумаа уезіндегі дәстүрлі қарадай монша» (Эстония), «Қазақ және қырғыз (түркі көшпенділеріне ортақ) киіз үйінің жасалуы мен сипаты» (Қазақстан мен Қырғызстан) бар.
Қазақ күйі ұзын мойынды, алмұртқа ұқсайтын, екі ішекті шертпелі домбыра аспабында орындалады. Классикалық туындыларды орындау арқылы халықтың өткен тарихы, салт-дәстүрі көрініс табады. Күй отбасылық, жалпыға ортақ мерекелерде шертіледі. Дәстүрге сай алдымен күйдің тарихы баяндалады.
Комитеттің қорытынды отырысы қарашаның 28 жұлдызында ЮНЕСКО ұйымының Париждегі бас штабында өтеді. Адамзаттың материалды емес мұраларын қорғайтын Репрезентаттық тізім жер бетіндегі барша адам үшін маңызы зор элеметтерді қамтиды.
Сурет: voxpopuli.kz (өңделген)