Велосипедті жалға алғыңыз келсе...

Велосипедті жалға алғыңыз келсе...

Көктем мен жаз – белсенді демалыстың маусымы. Белсенді демалыс дегенде ойыңызға не оралды? Қала көшелерімен жүгіру, ролик тебу, велосеруен? Соңғысы туралы сөз қозғап көрейікші. Қала ішіндегі велосеруен бойыңызды сергітіп, денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, жағымды эмоциялар сыйлайды. Достарыңызбен бірге немесе сүйіктіңізбен тебетін болсаңыздар, естен кетпес сәттерді бастан өткеруге болады. Сонымен қатар, велосипедтер экологиялық ахуалды жақсартудың бір жолы, қазір адамдар автобус немесе автокөлік орнына велосипедпен жүруді құп көреді.
Велосипедке деген қызығушылығыңыз оянған болса, Алматы қаласындағы қандай орындардан велосипедті жалға алуға болатындығы туралы ақпарат бере кетейік.
Сізді ең бірінші қызықтыратын бағасы деп ойлаймыз. Ендеше, велосипедті жалға алудың орташа бағасы мынадай болмақ:
Бір сағатқа – 500 теңге, күндіз – 1500-2000 теңге аралығы, түнге (18:00-10.00) – 1000-1500 теңге аралығы, бір күнге – 2000-2500 теңге аралығында. Бұл бағалардың демалыс күндері 500-1000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бір аптаға 7000 теңге көлемінде алуға болады.
Шарттары: велосипедті алар кезде ақшасын төлейсіз немесе жеке төлқұжатыңызды тастайсыз. Кейбір жерлерде клиенттің алматылық тіркелімі болуын талап етеді. Міндетті түрде шарт жасалынады. Егер сіздің кінәңізден велосипед бұзылса, ақша төлеуге міндеттісіз. Егер қатысыңыз болмаса, мекеме шығынды өз мойнына алады. Велосипед қолға берілерде қауіпсіздік шаралары нұсқалып, 500 теңгеге дулыға (шлем) беріледі.
Ал төменде Алматы қаласындағы ең үлкен велосипед (жалға беру) дүкендерінің тізімі:

"Экстремал" – спорттық дүкендер жүйесі (тел: 279 96 47, 260 63 34,  395 93 84); Абылайхан-Райымбек, Абай-Байтұрсынов, әл-Фараби-Мұстафин, Әуезов-Төлеби т.б көшелерінің қиылысында нүктелері бар.


Velik.kz интернет-дүкені (тел: 291 85 00); Достық 85, Абай және Құрманғазы көшелерінің ортасында, "Қазақстан" қонақ үйіне қарама-қарсы жерде


"Yeti" – экстремальді спорт дүкені (тел:  272 68 59); Қабанбай батыр 73\3, Төлебаев көшесінің бұрышында


EvroSportService (тел: 2 677- 350); Абай 59, Наурызбай батыр көшесінің қиылысында 


"Peloton" велосалоны (тел: 249-08-22); Алтынсарин 8, Абай көшесінен жоғары


Velo-tour.kz (тел: 8 777 595 82 70); Гоголь-Қалдаяқов


Pro-Sport (27-333-72); Гоголь 87, Байсейітова көшесінің бұрышы

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Дереккөз және сурет: yvision.kz