Елорданың жас велошабандоздары 9-ы мен 14 сәуір аралығында Талдықорған қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында барлық үш жүлденің үшеуін де иеленді. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жасөспірімдер арасындағы көпкүндік жарыстың бес күнінің қорытындысы бойынша басты классификацияда бірінші орын – біздің Владислав Филипповичке (жаттықтырушысы Владимир Залевкий) тиісті болды. Сондай-ақ, басқармадан Владиславтың бұған дейін де тас жолдағы тректе Қазақстан чемпионы болғанын мәлім етті.
Екінші және үшінші орындарды оның командалас жолдастары Азия-2013 чемпионы Дмитрий Риве мен Сұлтан Ниязов иеленді. Екеуі де жаттықтырушы Вера Ривенің шәкірттері", - делінген таратылған ақпаратта.
Павлодарлық спортшы Максим Штырбулов төртінші орынға табан тіреп, бесінші орын қайтадан Астана қаласының өкілі – Алексей Волошинге бұйырды.
Осы жарыста С.Ниязов пен А.Волошин ҚР Спор тшебері нормативін орындағанын да айта кетелік.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: vk.com