- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Ұялы телефондарды ұрлауға...
Ұялы телефондарды ұрлауға тосқауыл қойылмақ
«Телефонымды ұрлап кетеді-ау» деген күдіксіз күн кешу үшін ұрланған телефондардың қара тізімін жасап, IMEI код орнату керек.
Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жеке блогына ерекше ұсыныс келіп түскен. Қалта телефондарына қол салатын қылмысты ауыздықтап, ұрлауды тоқтату үшін Андрей Пак мынаны айтады: "Қалта телефондарын ұрлау ең танымал қылмыс түрі екені ешкімге құпия емес. Сондықтан осы қылмысты ауыздықтау үшін ұрланған телефондардың бірыңғай базасын құрып (IMEI код арқылы), ұялы байланыстағы операторға қолды болған ұялы телефонды мобильді желіге қайта қоспауын талап ету керек".
Осылайша ұрланған телефон қайта іске қосылмай қалса, қалтаға қол салу аз болса да, ауыздықталар еді. Бұл тәжірибе Еуропада бұрыннан бар екен.
Андрей Пактың ұсынысына жауап ретінде министр: «Қазіргі таңда байланыс және ақпараттандыру Комитеті мен транспорт және коммуникация Министрлігі бірлесе отырып ұрланған телефондарға арналған IMEI кодтар арқылы тіркелетін бірыңғай базаны дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді.
IMEI анықтамасы (International Mobile Equipment Identity – ұялы телефондарды жабдықтау халықаралақ идентификаторы) әрбір қолданушыға қолайлы 15 саннан тұрады.
Бұл код GSM, WCDMA және IDEN ұялы желілерінде, сонымен қатар басқа да серіктік телефон желілерінде қолданылатын болады. Тіпті қолды болған телефонның SIM-картасын ауыстыру үшін де оператор IMEI код құрылғысы арқылы оны сізге жедел әрі оңай түрде жасап бере алады.
IMEI код қара тізімі Ұлыбританияда, Германияда, Францияда және Австралияда қолданылып, ұрылардың қолын қысқартуға ауыз толтырып айтарлықтай көмегін тигізген.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: tumba.kz
А. Әбілхан