- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Тұңғыш Президент күні...
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Еліміз "Тұңғыш Президент күнін" осымен биыл алтыншы рет атап өткелі отыр. Осыдан 6 жыл бұрын ел Парламенті Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына байланысты осындай шешім қабылдаған еді.
2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер" заңына толықтыру енгізіліп, осы отырыста Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ елі үшін жасаған елеулі еңбегі ескеру мақсатымен күнтізбеге енді.
Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.
Бүгінгі мерекемен Massaget.kz ұжымы барша қазақ елін құттықтайды! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан Республикасы қанатын кеңге жайып, өркендеп дами берсін!
Н. Үсенова