- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Тұман, көктайғақ, қар:...
Тұман, көктайғақ, қар: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда 2, 3 және 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазгидрометтің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жауын-шашынның арты қарға айналып, екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болады.
"Оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарда қатты жауын-шашын күтіледі, солтүстік-батыс суық антициклонның басып кіруімен жауын-шашын бірте-бірте тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Солтүстік-батыста түнгі температура 15 градус аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 20 градус аязға дейін, оңтүстікте 13 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 16 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Қазақстанның батысында ғана алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды.