Қазгидрометтің синоптиктері 11, 12 және 13 қарашадағы ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы үш күнде батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарда жаңбыр мен қар жауатыны хабарланды.
"Сондай-ақ екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайға болып, қар жауады. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Батыс антициклоны шығысқа қарай жылжыған сайын ауа температурасы аздап төмендейді”, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.