«ТойBestStar» шақырады

Қазақ халқы үшін той, той жасау, тойға бару біртұтас мәдениетті құрайды. Той біздің халық үшін культ болып кетті. Өмір жолымыз сан қилы тойлардың тізбегінен тұрады. Той – қазақ өмірінің айнасы, көрсеткіші. Қазақтың бар жақсысы – асы, өнері, киімі – барлығы тек тойға арналады.

«ТойBestStar» – тойдың ең жарық жұлдыздарын бір жерге жинайтын думан. Тойдың иелерінен бастап қонақтарына дейін танымал кісілер бір жерде жиналып, тойдың барлық жақтарын әңгіме қылады.


Бағдарламаға Қытайдан арнайы шақырылған қонақ – "Қытай дауысы" байқауының қатысушы Үрімшілік қандасымыз Тасқын. Бұл байқауда Тасқын "Дудар-ай" әнін шырқап, қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленген. Миллиондаған халқын елең еткізген қазақ, КТК арнасының арнайы шақыртуымен Қазақстанға келді.

Қазақстанның ешбір тойы Қайрат Нұртассыз өтпейді. Барлық тойларда асыға күтетін әнші «ТойBestStar»-ға қонаққа келіп, көрермендерге хит болған және жаңа әндерін ұсынады.


Қазақ халқының тойдағы салт-дәстүрі, тойдағы әр кейіпкердің бейнесі зерттелмеген ғаламшар сияқты. Сондықтан тойдың барлық қасиеттерін бір жерге жинақтап, жан-жақты талдап ашу «ТойBestStar» думанының басты мақсаты.

Кешті елімізге белгілі әнші Жанар Айжанова мен дарынды актриса, әнші Айгүл Иманбаева жүргізетін болады.


«ТойBestStar» думанын 28 қаңтардан бастап, әр сенбі сайын 19.15-те КТК телеарнасынан тамашалай аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: «ТойBestStar» бағдарламаның баспасөз қызметі