Мемлекет басшысы биыл қуаңшылық ауылшаруашылығындағы кемшіліктер бар екенін көрсетті деді.
"Кей жайылымдық жерлерді белгілі адамдар иеленіп алған. Иеленіп қана қоймай оны адам аяғы баспайтын етіп қоршап тастаған. Жергілікті үкімет белгілі адамдардың ықпалынан шыға алмай отыр. Бұл мәселені қолға алуымыз керек", - деді президент.
Сонымен қатар, Тоқаев ауылшарушылығындағы ветеринария саласын қолға алу керек екенін атап өтті.
"Бұл жолда ескірген бағдарламаларды жаңасына ауыстырып, олардың жалақысын көтеру керек", - деді Тоқаев.