Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуді қолдауға дайын екенін айтты.
Қапшағай – Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алматы қаласынан 53км қашықтықта орналасқан қала. Қазақстандағы құмар ойындар ойнатуға рұқсат етілген екі қаланың бірі.
Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған. Қапшағай 3600 шаршы м құрайды. Қапшағай қаласында қазіргі таңда 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.
Тоқаевтың халыққа Жолдауы республикалық телеарналарда тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.