- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Тоқаев алдағы 5...
Тоқаев алдағы 5 жылда халықты 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды
БҰҰ алдағы 10 жылдықта ауыз су мәселесі туындайтынын атап өтіп. Еліміздегі ауыз су мәселелерін қолға алу керек екенін атап өтті.
Т. Раушанұлы"2030 жылға су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан біз жаңа технологияны қолданып суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Үкімет су тапшылығын реттеу үшін нақты қадамдар жасауы керек. Еліміздегі аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға кірісеміз. Ақмола, Алматы, БҚО, Жамбыл, Қызыл Орда Түркістан облыстарында жаңадан 9 су қоймасы салынады. Бұл ауқымды жоба. Бірақ біздің қолда өажетті ресурстың бәрі бар. Атырау мен Маңғыстау аудандарын сумен қамтамасыз ету үшін Астрахань магистралды су құбырын жаңғыртылады. Кендірлі кентінде су тұщытатын зауыт салынады. Жалпы, ондаған жылдар бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан ауыз су мәселесі шешілген жоқ. Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында алдағы 5 жыл ішінде халықты 100 пайыз ауыз су мен қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді президент.