- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Тоқаев: "2025 жылы...
Тоқаев: "2025 жылы отандық дәрі-дәрмектің 50 пайызы елімізде өндіріледі"
Биылғы пандемияға байланысты еліміздің медициналық саласына тоқталған президент, еліміз санаулы елдер қатарында коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқанын, алдағы уақытта медицина саласын дамыту керек екенін айтып өтті.
"Сондықтан медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орын құруымыз керек. Жаһандық фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық орнатуымыз керек. Осы саладағы дамуды қолға алуымыз керек", - деді президент.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, отандық өнімдерді шығаруды арттыру керек екенін атап өтті.
"Отандық өнім шығаратын компаниялармен арадағы келісімді арттырып, өнім түрін көбейту қажет. Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтың 17 пайызы ғана отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, спорт денсаулық кепілі екенін атап өтіп, жастар жаппай спортпен айналысу керек екенін айтты.
Т. Раушанұлы