2013 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қаласындағы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында "Тенгри" дәстүрлі фестивалі өтеді. Фестиваль барысында "Көк бөрі елі" ("Страна Синего Волка") атты кітаптың желісі бойынша түсірілген ертегі-фильмнің тұсауы кесілмек.
Ал кітаптың таныстырылымы осы жылдың 21 наурызында өткен болатын. Іс-шарада шағын сюжетті театралдық қойылым ұйымдастырылды. Осыдан кейін кітап авторлары Елена Гомер мен Есімбек Амренов қысқаметражды фильм түсіруді жоспарлаған еді. Прокаты Қазақстанда жоспарланып отырған фильмді мемлекеттік телеарналардан көре аласыздар.
Фестиваль барысында алдын ала өткізілген кастинг бойынша, қатысушылардың арасынан 10 диджей таңдап алынады. Сайыстың өзі екі кезеңнен тұрады. Арасында 20 минуттық би баттлы ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Жеңімпаз-диджей 100 000 теңге көлемінде сыйақы алады.
Фестиваль аясында көрме ұйымдастырылмақ. Таңертеңнен бастап, жарты киіз үйге ұқсайтын құрылыс орналастырылып, корпорация менеджерлері қонақтарды "Тенгри" философиясымен таныстырады, таныстыру курсы ұлттық нақыштармен өтеді. Сондай-ақ, сіздер "Көк бөрі елі" кітабын, бойтұмарларды, картиналарды, білезіктерді және басқа да қолөнер бұйымдарын сатып ала аласыздар.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 29-37-50
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: yvision.kz, rus.azattyq.org