Тәуелсіз қазақ елінің тарихындағы ең атаулы мерекелердің бірі - ұлттық валюта күні. Олай дейтініміз, ұлттық валюта - мемлекеттің нағыз ел болып қалыптасудағы басты нышандарының бірі.
Қазақстан 1993 жылдың 15 қарашасында теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізді. Одан бергі аралықта 25 жыл да өте шықты. Осы уақыт аралығында ұлттық валютаның кескін-келбеті талай рет ауысты. Атап айтсақ, теңге банкноталарының тарихында негізгі 3 серия болды: Портреттік серия, "Бәйтерек" сериясы және "Самұрық" сериясы.
Ең алғашқы теңгелер көп адамның есінде болар, бәлкім ұмытылып та кеткен шығар. Тіпті алғашқыда тиын банкноттар да болды. Бұл қағаз тиындар қолданыста көп болған жоқ.
Алдыңғы беті Артқы беті
Ұлттық валюта жасалғанда 1 теңге, 3 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге және 100 теңге банкнот болып шықты. Төл ақшамыздың алғашқы кескінін кейінгі жастар білмегенмен, сол уақытта ұстағандар ұмыта қоймаған болар.
1 теңге
Көлемі 124х62 мм.
Құны 1 тенгелік банкноттың бет жағы көк түсті. Банкноттың оң жағына Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті орналастырылған, тігінен көк бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағына жоғарыға қазақтың ұлттық өрнегі салынған. Номиналдың астында сол жақ бұрышында ою-өрнекті сурет бар.
Банкноттың сырт жағы қызғылт түсті. Орта тұсына Әл-Фарабидің геометриялық сызбалары мен формулалары бейнеленген.
3 теңге
Көлемі 144х69 мм.
Банкноттың бет жағы жасыл-сұр түсті. Оң жағына халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналастырылған. Тігінен шымқай жасыл бояумен ақынның аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған.
Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Орта тұсында Алатаудың көрінісі.
5 теңге
Көлемі 144х69 мм.
Банкноттың бет жағы қоңыр түсті. Оң жағына халық композиторы Құрманғазының портреті орналастырылған. Тігінен қоңыр бояумен композитордың аты және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған.
Банкноттың сырт жағы сарғыш-қызыл түсті. Орта тұсына кесененің кешені бейнеленген.
10 теңге
Көлемі 144х69 мм
Бет жағындағы басым түс шымқай жасыл. Оң жағына қазақтың ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті орналастырылып, тігінен оның аты және және өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ою-өрнегі бар.
Банкноттың сырт жағында жасыл түс басым. Банкноттың орта тұсына "Оқжетпес" тауының көрінісі бейнеленген.
20 теңге
Көлемі 144х69 мм
Банкноттың бет жағындағы басым түс - қара қоңыр. Банкноттың оң жағына Абайдың портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған.
Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "20" саны көрсетілген, ал оның астына оюмен өрнектелген.
Сырт жағындағы негізгі түсі - қоңыр. Орта тұсына Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша бүркіт ұстаған бүркітші бейнеленген.
50 теңге
Көлемі 144х69 мм
Банкноттың бет жағы мен сырт жағындағы басым түстер -ашық қоңыр. Банкноттың оң жағына Әбілқайыр ханның портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты және өмір сүрген жылдары жазылған.
Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "50" саны көрсетілген. Банкноттың сол жағына Әбілқайыр ханның портреті су тамғы белгімен салынған. Банкноттың сырт жағы қоңыр. Орта тұсына Қазақстанның ежелгі өнерін бейнелейтін жартастағы суреттер бейнеленген.
100 теңге
Көлемі 144х69 мм
Банкноттың бет жағында күлгін түс басым.
Сол жағындағы төменгі бұрышына және оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "100" саны жазылған. Банкноттың оң жағына Абылай ханның портреті және тігінен оның аты мен өмір сүрген жылдары орналастырылған. Портреттің төменгі сол жағы ою-өрнекпен өрнектелген. Банкноттың сол жағында Абылай ханның портреті сутамғы белгімен салынған. Сол жағына жоғарыға ою-өрнек әшекейі салынған.
Банкноттың сырт жағында қызғылт түс басым. Банкноттың орта тұсында Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бейнеленген.
"Ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгідегі банкноталарын ақша айналысынан алу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 71 қаулысына сәйкес 2006 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 1993 жылғы үлгідегі номиналы 1 теңгелік, 3 теңгелік, 5 теңгелік, 10 теңгелік, 20 теңгелік, 50 теңгелік банкноттары ақша айналымынан алынды. Ал 100 теңгелік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 71 қаулысына сәйкес 2006 жылғы 15 қарашадан бастап 1993 жылғы үлгідегі номиналы қолданыстан алынды.
Бұл банкноттарды айырбастау 2012 жылғы 14 қарашада аяқталды.
Жоғарыда айта кеткеніміздей ұлттық банкноттар "Бәйтерек" сериясымен шықты. Кейіннен "Самұрықпен" жалғасты. Қазіргі таңда ақшалай банкноттар 200 теңгеден басталып, 20 000 теңгемен аяқталады. Осы банкноттарды алғашқыларымен бір салыстырып көрсек:
200 теңге
2. 2006 жылғы үлгідегі 200 теңгелік банкнот
500 теңге
2. 2017 жылғы 500 теңгелік банкнот
1000 теңге
2. 2014 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік банкнот
2000 теңге
2. 2013 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкнот
5000 теңге
2. 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкнот
10 000 теңге
2. 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкнот
2016 жылдың 1 желтоқсанында номиналы 20000 теңгелік банкнот айналымға енді
Материалда Қазақстан ұлттық банкі ресми интернет ресурсы ақпараттары қолданылды