Тәуелсіздікпен тұспа-тұс құрылған Массагет сайтына төрт жыл толды. Ұжым атынан барша қазақстандықты тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Өз қолымыз өз аузымызға жететін егеменді, еркін елде өмір сүріп жатқанымызға бақыттымыз. Бақытымыз баянды болып, тәуелсізідігіміз жалғасын таба бергей.
Кезігер қиындықтар болса, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбіршілікте болайық. «Біз біргеміз! Бөлінбесін іргеміз!» деген ұранды ұмытпай, ұлықтап жүрейік!