Ей, қазақтың баласы! Бүгін сенің болашағың мен өткеніңнің ұлы мерекесі! Бүгін сен әр қадамыңды басып, құлашыңды көкке сермеп жүрген еліңнің, туған отаныңның азаттықтың туын көкке желбіретіп, тәуелсіздігін алып еркін тыныстаған күні. Тәуелсіздіктің таңы атып, күні жарқыраған күн құтты болсын! Елін сүйетін, оның тауы мен тасын да киелі тұтып, қазақ десе кеудедегі жүрегі қарс айрылар әрбір қазақ үшін бүгін айтулы мереке.
16 желтоқсан – қазақтың басты тойы. Бабалар аңсаған тәуелсіздіктің ауасымен енді біздер тыныстап келеміз. Тәуелсіздік – өткен жылдардағы алыптарымыздың бізге деген таңғажайып баға жетпес сыйы. Осындай сыйлыққа біз де, болашақ ұрпақ та әбден лайықты.
Тәуелсіздік сөзінің әрі дыбысы жүрегіміздің қағысымен тығыз байланысты. Сондықтан бұл сөзді естігенде, әсіресе тәуелсіздік мерекесі келгенде ешбір қазақ қуанбай қалмауы керек. Өйткені азаттықты алған күніміз – біздің төбеміз көкке жетіп жалғанды жалпағынан басқандай күй кешкен күніміз.
Қазақ халықының ең маңызды тойы да, мерекесі де осы күн. Тәуелсіздік алу жолында шыбын жанын шүберекке түйіп тағдырмен арпалысқан тарландардың орны – тарихтың төрі. Олар ешқашан ұмтылмайды. Тәуелсіздікке жету жолында тер төгіп, «тар жол тайғақ кешкен» алыптардың еңбегін болашақ ұрпақ ұмытпауы керек. Оларды жаңғыртып, тәуелсіздік күнін дәріптеп отыратын да – мына біздер.
Тәуелсіздік көгінде қанатын кең жайып қалықтаған қазағым, тойың құтты болсын!
Құрметпен: Массагет ұжымы
Сурет: baq.kz