- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Тамыз айы жауын-шашынды...
Тамыз айы жауын-шашынды болады
Тамыз айының ортасы мен соңғы бөлігі салыстырмалы түрде салқын әрі жаңбырлы болады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлады.
Синоптиктердің айтуынша, тамыз айының бірінші және соңғы декадасында еліміздің барлық аймақтарында жиі найзағай соғып, жауын-шашын көп жауады. Сонымен қатар, ай бойына республиканың көпшілік аймақтарында екпінді жел тұратын болады. Әсіресе 11-13 тамыз аралығы мен айдың соңғы онкүндігінде температура біршама төмендейді. Елдің орталығы, солтүстігі мен шығысында температура Цельсий шкаласы бойынша, 13-22 градусқа дейін түссе, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа-райы 18-25 градус болады.
Қазақстанның батыс аймағында ауа-райы құбылмалы болады деп күтілуде. Айдың 6-9, 11-13 күндері мен соңғы декадада аптап ыстықты (33-42 градус) найзағайлы жаңбыр (20-28 градус) бір-бірін кезекпен алмастырып отыратын болады.
Сонымен қатар, тамыз айының соңғы бөлігінде елдің солтүстік аймақтарында түн ішінде әлсіз аяз болуы мүмкін.
Айта кетелік, елдің солтүстігіндегі ең жоғарғы температура 25-32 градус болса, оңтүстікте ең ыстық күндері Цельсий шкаласы 32-40 градусқа дейін көтеріледі.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
Tiktok парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!