2014 жылдың 30 мамырында сағат 09.00-14.00 аралығында Әл-Фараби ғылыми кітапханасының үлкен залында және 4-қабаттағы конференция залында «Университет – Бизнес – Қоғам: Тәжірибе және серіктестік болашағы» жұмыс берушілер форумы және "Табысқа жету жолы" атты бос орындар/ тағылымдамалар жәрмеңкесі өтеді. Форумда ҚазҰУ жұмыс беруші компания жетекшілерінің баяндамалары оқылып, белсенді жұмыс берушілер алғыс хатпен марапатталады, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылады.
Жәрмеңкеде қазақстандық және халықаралық компаниялардың бос жұмыс орындары, бағдарламалары және тренингтері ұсынылады. «Табысқа жету жолы» жәрмеңкесінде түлектер бос жұмыс орындарымен танысып, түйіндемелерін ұсынады. Артынша HR-менеджерлермен әңгімелесуден өте алады.
Шараға 100-ден астам отандық және шетелдік компания, ұйым, бизнес, ғылым және өндіріс салаларының жетекші өкілдері қатысады.
Форум бағдарламасында: жұмыс берушілер презентациялары, тренингтері және табысты мансап құру жөніндегі түлектер мен студенттерге арналған мастер-класс өткізіледі. Келушілер үшін дресс-код: business casual.
Көпшілікке көмегі тиер шараны ұйымдастырып отырған ҚазҰУ Мансап және бизнес орталығы.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru