Бүгін Алматының Орталық көрме залында «Сүйіктілерге арналған сыйлықтар» атты жәрмеңке ашылды. Көрме 8 наурыз - әйелдердің халықаралық мерекесіне арналып отыр.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көктемгі жәрмеңкеден қыз-келіншектерге, аналарға, әпке-қарындастар мен құрбыларға арналған бірегей мерекелік сыйлықтарды таңдап, сатып алуға болады.
Мұнда сыйлық өндірісімен айналысатын 70-тен астам кәсіпорынның өнімдері қойылады. Олар: авторлық әшекей бұйымдары, кәдесыйлар, кездеме-тоқыма өнімдер, табиғи косметика, аксессуарлар, киіз бұйымдар, табиғи асыл тастар, жиһаздар, тағы басқа. Сағат 11.00-ден 20.00-ға дейін созылатын жәрмеңке шеңберінде қолөнер шеберлерінің тегін дәрістері де ұйымдастырылады. Сыйлықтар көрмесін наурыздың 7-сіне дейін тамашалауға болады. Орталық көрме залының мекенжайы - Желтоқсан көшесі, 137-үй (Жамбыл көшесімен қиылыста).
Жолдаған: Болатбек Мұхтаров
Сурет: zastavki.com, wikicity.kz