- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Суға дұрыс шомылу...
Суға дұрыс шомылу қағидалары
2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде «Суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында брифинг өткізілді. Спикер болып Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Р.Н. Амрин, Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының орынбасары Ж.С. Асқаров сөз сөйледі. Бұл туралы Massaget.kz порталына ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазгидромет» берген алдын ала болжам бойынша ағымдағы жылғы жаз мезгілінде еліміздің оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде анамальды ыстық, кей жерлерде 40 градусқа дейін ыстық болады, оның нәтижесінде суға шомылу маусымы кезеңінде адамдар су айдындарына жаппай баратыны белгілі.
Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін Төтенше жағдайлар комитеті қазіргі уақытта азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені өткізілуде.
Су айдындарының қауіпті учаскелерінде «Суға шомылуға тыйым салынады» атты 965 белгі орнатылды, судағы жүріс-тұрыс және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету қағидалары жазылған 3000-нан астам плакат, буклеттер мен жаднамалар таратылды.
«Жыл сайын еліміздің су айдындарында 1,5 мыңнан астам адам апатқа ұшырайды, соның ішінде 500-ге жуық адам көз жұмады, бұл пайыздық көрсеткіште табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көз жұмғандардың жалпы санының 70-80%-ын құрайды»,- деп атап өтті Р.Н. Амрин.
Суға батып кеткендердің 90%-ы суға шомылу үшін жабдықталмаған су айдындарында, учаскелерде тіркелген.
Ағымдағы жылғы өткен төрт жарым айда еліміздің су айдындарында суға батып кеткен адамдардың саны қазірдің өзінде 33 адамды, соның ішінде 17 баланы құрады.
Бұл ретте суға шомылу маусымы басталмағанына қарамастан, тек ағымдағы жылғы 1-15 мамыр аралығында 16 адам батып кетті, ол ағымдағы жылғы суға кеткендердің санының 49%-ын құрайды.
Алматы және Жамбыл облыстарында екі және одан көп балалардың бір мезетте қаза болуы фактілері бар. Айтылған оқиғалар су айдындарының маңында балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру салдарынан орын алды. Көбінесе, судағы оқиғалар адамдардың өзіне-өзі сенуі, өз күші мен мүмкіндіктерін асыра бағалауы, судағы қарапайым жүріс-тұрыс қағдаларын сақтамауы салдарынан орын алып жатады.
Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызды су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғымыз келіп отыр. Бірінші кезекте мыналарға:
- алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;
- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;
- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;
- жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;
- жүзуге арналмаған заттармен пайдалануға;
- техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;
- балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады.
Әрбір адам суға шомылғалы жатқан су айдындардың қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі жабдықталмаған орындарда батып кеткен діңгектер, темір кесектері, шыны және тағы басқа заттар болуы мүмкін. Жақын жерде жүзіп бара жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жақын жүзіп бару аса қауіпті.
Суға шомылар алдында су айдындарын тексеру қажет: суға шомылуға арналған орын құмды жағалауда және суға түсуге ыңғайлы болуы тиіс; суға шомылуға арналған орын суда өсіп тұрған ағаштардың, суға батқан бөрененің, түбінде шұңқыр мен ойықтың жоқтығын тексеріңіз.
Ұзақ уақыт бойы суға шомылу да адамдардың денсаулығына қауіпті, суға шомылу ұзақтығы негізінен ауа температурысына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн. Суға шомылудың аса қолайды режимдері:
- су температурасы +180, суға шомылу уақыты 6-8 минут;
- су температурасы + 200, суға шомылу уақыты 10-12 минут;
- су температурасы +200, суға шомылу уақыты 15 минутке дейін.
Сонымен қатар тамақ ішкеннен соң 1,5 сағаттан кейін ғана суға шомылған жөн.
Адамдардың суда қайғылы оқиғаларға ұшырауының басты себебі – жүзе білмеуі болып табылады. Жүзе білмеген адамға кенеттен түбі терең жерге барып қалу жеткілікті, қатты ағын немесе толқынның соғуы салдарынан адамдар тез арада өзін-өзі ұстай біледі, судан булығады және суға батады.
Адамдардың суда қаза болуының себептерінің бірі – тәжірибелі жүзушілердің өзін суасты ағыны ерік бермей тартады. Әсіресе, түбі анық көрінетін өзендер мен көлдер, су астындағы жартас шоқысы, тіреуіші, суға батқан зәкір, бөрене және т.б. сүңгуге қауіпті болып табылады.
Көбінесе, кенеттен сіңір тарту адамдардың қозғаласына кедергі келтіру салдарынан суға батып кетіп жатады. Сіңір тартудың себептері суда дененің тоңуы, бір қалыпты жүзу кезінде бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуінен оның жиырылуы, су температурасының ауысуы болып табылады.
Сіңір тартқан жағдайда не істеу қажет:
1) Бірінші кезекте міндетті түрде жүзу стилін өзгертіңіз, арқаға жатып жүзіңіз, судан тез арада шығуға немесе жағалауға жақындауға тырысыңыз;
2) Қол саусақтарының тартылуын сезінген жағдайда қол білегін жұдырыққа түйіңіз, қолды сыртқа серпіп, жұдырықты ашу қажет;
3) Балтыр бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде иіліп, зардап шеккен аяқтың табанын екі қолмен құшақтап, күшпен оны өзіңізге қарай тартыңыз;
4) Сан бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде аяқты сирақтан төмен сыртқы жағынан қолыңызбен ұстап, оны тізеге бүгіп арқаға қарай тартыңыз. Егер қолыңыздың және аяғыңыздың сіңір тартуы басылмаса, амалдарды тағы бір мәрте қайталаңыз. Қосылған бұлшықеттің жұмысы сіңір тартудың басылуын тездететінін есте сақтаған жөн.
Суға шомылу кезінде шектеулер немесе тыйым салынатын бірқатар ауру түрлері бар. Мәселен, жүрек ауруы кезінде суға шомылғанда абай болу қажет. Осы аурулар кезінде температура күрт өзгеру салдарынан жүрек талмасы ауруына ұшырауы мүмкін. Естен тану сырқаты бар, құлақ ауруы бар адамдарға суға шомылумен әуестенуге болмайды. Әсіресе, құлақтың ішіне суық судың кіруі өте қауіпті. Суық су құлаққа кіріп, жарты иірім өзектерді түршіктіріп бас айналу, құсу, тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуі мүмкін.
Қазіргі уақытта ТЖ комитеті Әкімшілік полиция комитетімен бірігіп «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 364-бабын қосымша қолдану мәселесі бойынша жұмысты бастады (Ортақ су пайдалану қағидаларын: тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу; жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады), онда тыйым салынған жерлерде шомылу ортақ су пайдалану қағидасын бұзуғаны үшін айыппұл көзделген.
Р. Роза