Қазақстан Республикасының «Ұлттық идентификациялық номерлер реестрлері» туралы заңы 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңарды. РНН (СТН) мен СИК (ӘЖК) орнына ЖСН мен БСН қолданылатын болды.
Қаржы министрлігінің Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Ерлан Хасенов BNews.kz тілшісіне берген ақпаратында РНН (СТН) мен СИК (ӘЖК) құжаттарының толықтай күшін жойылғанын айтты.
Құжаттар рәсімдеуде немесе қателіктер орын алып жатқан жағдайда салық органдары азаматтарға дер кезінде көмек көрсетпек. ЖСН мен БСН номерін Ішкі істер министрлігі беретін болса, резиденттігі тіркелмеген (азаматтығы жоқ) адамдар бұл құжаттарды салық комитеті арқылы алатын болды. Бұдан басқа, кейбір жаңа жеке куәліктерде ЖСН мен БСН номерлер көрсетілген. Жеке куәлікте ЖСН (ИИН) номері жоқ азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ЦОН) барып, тіркей алады. Негізінен 1997 жылға дейін берілген куәліктерде ЖСН номерлер жоқ.
Ал кәмелетке толмаған балаларға банктан есеп ашса немесе оның атына қандай да бір мүлік тіркелетін болса алуы міндетті екені анықталды. Бұдан басқа, егер бала мемлекеттен қандай да бір көмек (льгота) алатын болса ЖСН номер алуы міндетті.
ЖСН (ИИН) номерді salyk.kz порталы арқылы да алуға болады. Ол үшін азамат порталда өзінің СТН (РНН) мен ӘЖК (СИК) құжаттарының номерін енгізуі керек.
Ендігі кезекте банктік қызметтер де СТН (РНН) мен ӘЖК (СИК) құжаттарын талап етпейтін болды. Ерлан Хасеновтың айтуы бойынша, еліміздегі барлық банктарға енгізу туралы мәлімет жасалған.
Сонымен, толықтай күшін жойған СТН (РНН) мен ӘЖК (СИК) туралы ақпараттар мәліметтер базасында сақтаулы болады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: profinlife.com