Кем дегенде алдағы екі тәулікте Астана мен Қазақстанның кейбір аймақтарында қатты жел мен қарлы боран соғады деп ескертеді, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып Today.kz.
Ертең 28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында қар жауып, боран соғады деп күтілуде. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ақмола облысында да қар жауып, жел жылдамдығы 25 м/с-ке дейін жетпек.
Сондай-ақ Астанада да боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с аралығында болмақ. 29 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауып, батыстан соққан желдің жылдамдығы 25 м/с болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: news.mail.ru