- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Синоптиктер алдағы күндері...
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Фото:
Getwallpapers.com
Синоптиктер 22-24 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, бірақ солтүстік облыстардың кейбір жекелеген аудандарында аздаған жаңбыр болуы ықтимал.
- Республиканың шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шамалы жаңбыр болуы мүмкін. Қазақстанның шығыс жартысында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батыс жартысында - нормадан 4-6 градус жоғары болып сақталады", - дейді синоптиктер.
Сонымен қатар "Қазгидромет" өкілдерінің мәліметінше, Атырау облысында 21-22 мамыр кезеңінде 37 градус ыстық болады, сондай-ақ дауылдық ескерту жарияланды.
Н. Үсенова