- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Шығыс Қазақстаннан ерекше...
Шығыс Қазақстаннан ерекше сақ моласы табылды
Абай облысы, Аягөз ауданы, Бозай ауылы маңынан зерттеушілер сақ моласын тапты. Бұл туралы Хабар 24 арнасы мәлімдеді.
Экспедиция барысында ғалымдар сақ дәуірінен қалған бейітке тапқан. Онда үш мың жыл бұрын сол кездегі көсемдердің бірі жерленген.
Зерттеу барысында моланың бұған дейін талан-таражға түскені анықталды. Қазба жұмыстары кезінде зерттеушілер адам қалдықтары мен жануарлар стилінде жасалған алтын бұйымдарды тапты. Сақ қорғанының диаметрі шамамен 30 метрді құрайды.
"Бұғы мен қабылан түріндегі әшекейлерді таптық. Өкінішке орай, олар толық сақталмаған. Біздің қазба жұмыстарымыз жалғасады. Бұдан да құнды нәрсе табамыз деп үміттенеміз. Қабірдің өзі әдеттен тыс жасалған, қорым шетіне тас тақталар орнатылған", - дейді археолог Бауыржан Бесетаев.
Өткен жылдан бері археологиялық топ Бозай қорымынан әр кезеңге жататын 60-қа жуық ескерткіш тапқан.
Т. Раушанұлы