Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Биыл шілдеде 20 жұмыс және 11 демалыс күні бар.

Сенбі мен жексенбіден басқа, қазақстандықтар 6 шілдеде демалады: бұл күні "Елорда" күні атап өтіледі. Биылғы мереке сейсенбіге сәйкес келді. Бірақ үкімет үш күн қатарынан демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден сенбіге – 3 шілдеге ауыстырды.

Осылайша:

– бес күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде жұмыс күні, демалыс 4, 5, 6 шілде болады;
– алты күн жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде – жұмыс күні, 4 шілде – демалыс, 5 шілде –жұмыс күні, 6 – шілде - демалыс.

Сонымен қатар, Құрбан айт шілде айында атап өтіледі, бұл атаулы күн  2021 жылы 20 шілдеге (сейсенбі) сәйкес келеді. Сондықтан, 20 шілде мемлекеттік демалыс (алты күн жұмыс істейтіндер үшін де).