Қазақстандықтар алдағы шілде айында 10 күн демалады. Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы заңға сәйкес, 6 шілдеде елімізде Астана күні тойланады. Биыл бұл мереке жұма күніне түсіп тұрғандықтан, 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 6, 7 және 8 шілде күндері демалады. Ал 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 6 және 8 шілде күндері демалып, 7 шілде жұмыс күні болады. 2018 жылы қазақстандықтар 365 күннің 119 күнінде демалады.